40 млрд теңге көлемінде инвестициялық қаржы еліміздің автокөлік жолдары құрылысына тартылған. Бұл – осы жылдың алғашқы төрт айындағы көрсеткіш. «Finprom» порталының хабарлауынша, қаржының жартысы немесе 20 млрд теңгеден астамы Алматы облысына тиесілі. Одан кейін Ақтөбе және Қарағанды өңірлеріне бағытталған.
Жыл басында еліміздегі автокөлік жолдарының жалпы ұзақтығы 96 мың километрді құраған. Оның төрттен бір бөлігі – халықаралық және республикалық маңзыдағы автожолдар. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметіне сәйкес, 1 маусымдағы жағдай бойынша, еліміздегі төрт ақылы жолдан 2 млрд 300 млн теңге көлемінде табыс түскен. Ал өткен жылы 5,7 млрд жиналған болатын. Бұл қаржы жолдарды жөндеуге жұмсалады.
Авторы: Бану Тәжібек