Қостанайда ауыл шаруашылығы техникасы өндірісі ашылады

Қостанайда ауыл шаруашылығы техникасы өндірісі ашылады

Еуропа, Канада және АҚШ-тың ауылшаруашылық техникаларын шығаратын жетекші компаниялары Қазақстанмен серіктестікті дамытуға мүдделі. Олар бұл ниеттерін еліміздің Премьер-министрі Олжас Бектеновпен Астанада өткен кездесуде іс жүзінде бекітті.  Осылайша, Қостанайда ауыл шаруашылығы техникасы өндірісіне бағытталған көпжақты келісімдерге қол қойылды.


Петер Заксе, John Deere компаниясының ТМД елдері бойынша вице-президенті:


- Осы ынтымақтастық аясында біздің компания алдағы жылдары шамамен 3 мың техника бірлігін шығаруды жоспарлап отыр. Бұл заманауи технологияларға қол жеткізуге мүмкіндік береді, сондай-ақ жаңа жұмыс орындарын ашуға, елдің инженерлік әлеуетін арттыруға және машина жасау саласындағы мүмкіндіктерін кеңейтуге жағдай жасайды. John Deere Қазақстанды Орталық Азиядағы негізгі стратегиялық серіктес ретінде қарастырады.


Айта кетейік бүгінде Қазақстанда жыл сайын 8 мыңнан астам трактор және 1,2 мың комбайн шығаратын 8 ірі кәсіпорын жұмыс істеп тұр. Отандық техниканы сатып алуға жұмсалатын шығындардың 30% дейін субсидиялау, сондай-ақ 5% жеңілдетілген несие қарастырылған. Бұл шаралар қазірдің өзінде оң нәтиже беріп, соңғы екі жылда сату көлемі 35% артқан. Жалпы Қазақстан ауыл шаруашылығы алқаптарының көлемі бойынша әлемде алтыншы орында. Былтыр саладағы өнім көлемі 9 трлн теңгеден асып, 6% өскен. Алдағы мақсат егістікте пайдаланатын техника паркін жаңарту деңгейін жыл сайын 10% дейін жеткізу.


Ричард Гарольд, Lindsay Corporation аға вице-президенті:

- Біз Қазақстанның ауыл шаруашылығы секторын нығайту, жөніндегі мақсат - міндеттерін жоғары бағалаймыз. Бірлесе отырып, біз қазақстандық фермерлерге су ресурстарын тиімді пайдаланатын, жоғары өнімді ауыл шаруашылығының жаңа дәуірін ашуға, жергілікті өндірісті дамытуға және әлемдік деңгейдегі суару технологияларын енгізуге көмектесе аламыз. Бұл дихандардың әл-ауқатын еселейді. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?