Қазақстанда мемлекеттік сектордың
ауқымды цифрлық трансформациясы жалғасуда. Ол Gov.kz интернет-ресурстарының
бірыңғай платформасына да қатысты Енді мемлекеттік
органдардың сайттары көру қабілеті бұзылған
азаматтарға қолжетімді болып, қызмет көрсету жеңілдеді. Қаріптер өлшемі,
түс гаммасы және кереғарлығы өзгертілді. Нашар көретіндерге арналған қызметке
ерекше назар аударылған - беттеріндегі қосымша белгілер арнайы бағдарламалармен
анықталады және дыбысталуы мүмкін.
Ростислав Коняшкин, ҚР
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі:
– Бұл қызметті бір жыл бұрын ғана іске қостық. Қазір
көзі нашар көретін адамдарға арналған функцияларды жетілдіріп жатырмыз. Яғни,
сайтта көрсетілген ақпаратты бір батырманың көмегімен аудио форматта тыңдауға
болады. Сонымен қатар, азаматтар дауыс арқылы порталды басқару мүмкіндігіне де ие,
бұрын соңды мұндай қызмет түрі болған емес.
Бұдан бөлек, Цифрлық даму
министрлігі Gov.kz-ке жасанды интеллект негізінде жасалған үлкен тіл моделі –
KazLLM-ді енгізуді жоспарлап отыр. Ол ауқымды деректерді тез өңдеуге және контентті
автоматты түрде қазақ, орыс және ағылшын тілдеріне аударуға мүмкіндік береді.
Бұл қызметті жүзеге асыруға жақында ғана елімізде іске қосылған суперкомпьютер
көмектеседі, - дейді мамандар.

