Қазақстан астанасы 6 шілде күні өзінің 26 жылдығын атап өтеді. Осыған орай, Елордада 100-ге жуық шара өтеді. Олардың барлығы 1 күнмен тоқтап қалмайды. Кейбірі, тіпті жаз соңына дейін жалғасады.
Мәселен, Creative summer жобасының аясында 31 тамызға дейін әр демалыс күндері балаларға арналған сауықтық бағдарламалар, шығармашылық ұжымдардың өнер көрсетуі мен флешмобтар өтпек. Ең ауқымды шаралардың бірі ашық аспан астындағы – OPEN AIR. Ол 6 шілде ЭКСПО алаңында өтеді. Қала тұрғындары мен қонақтарын отандық эстрада жұлдыздары өнерімен қуантады.
Сонымен қатар, Елорда күні қарсаңында бұқаралық-спорттық шаралар да ұйымдастырылмақ. Олардың ішінде – «Жасай бер, жайна – Астанам!» велошеруі, «Толағай» республикалық турнирі, «Қазақстан барысы», «Елорда кубогы» бәйгесі мен «Ел жүрегі – Астана» марафоны бар.
Айта кетейік, бүгінде Елордада 1 жарым млн адам тұрады. Ал қала саяхатшылар арасында танымал. Былтырғы жыл қорытындысы бойынша Астанаға 1 млн 300 мыңнан астам қонақ келген.