Қазақстандық құтқарушылар елге оралды

Ұшақ бүгін Астана әуежайына қонды. Дәл осы ұшақпен Газиантепке қажетті заттар жеткізілді.

ТЖМ қызметкерлері мен Апаттар медицинасы дәрігерлерінің бірінші эшелоны Қазақстанға бір күн бұрын келген болатын.

Еске салайық, 7-19 ақпан аралығында біздің мамандар үш провинцияның, Нұрдағы, Газиантеп пен Хатайда үйінді астында қалып қойған адамдарды шығаруға көмектесті. Жалпы, елімізден Астана, Алматы, Қарағанды ​​және Ақмола облыстарынан, 100-ден астам құтқарушы мен медицина қызметкерлері жіберілді. Еліміздің Төтенше жағдайлар министрлігі алға қойылған барлық міндет толық көлемде орындалғанын атап өтті.