Қазақстанда ауыл халқы үшін 700 медициналық нысан ашылады

Елімізде ауылдық медициналық ұйымдарды жаппай денсаулық сақтаудың бірыңғай ақпараттық жүйесіне енгізу көзделген. Бұл ел азаматтарына өздері тұратын өңірлерде сапалы медициналық қызметтер алуға мүмкіндік береді. Ол үшін ауылдарда маман тапшылығы мен дәрігерлердің біліктілігін арттыру жағына басымдық берілмек. Заманауи технологиялар ендіріледі. Бұл жөнінде үкімет отырысында Әлихан Смайылов мәлім етті. Осы және өзгеде мәселелер

елді-мекендерде денсаулықсақтау саласын жаңғыртуға бағытталған Ұлттық жобада қамтылған.  Оның аясында 655 алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету нысаны салынып, қайта жөнделеді. Сондай-ақ, 12 аурухана жаңғыртылып, жаңадан 20 аудандық емхана ашылады.

Алихан Смаилов, ҚР Премьер-министрі: 

Сонымен қатар басқа да жобалардың аясында мысалы, «Ауыл – ел бесігі» жобасы бойынша медициналық нысандар салу көзделіп отыр.  Яғни ауыл халқы үшін барлығы 700-ге жуық медициналық объекті  ашылатын болады. Жобада көзделген барлық шаралар   ауылдағы медициналық қызметтің сапалы әрі қолжетімді болуын қамтамасыз етеді. Осыған байланысты  Ұлттық жобаны мақұлдауды ұсынамын. Денсаулық сақтау министрлігі   мүдделі мемлекеттік органдармен   және әкімдіктермен бірлесіп, ұлттық жобадағы іс-шаралардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етуі қажет.