Үш қазақстандық фильм бірден халықаралық киножүлдеге ие болды. Австралияда жыл сайынғы «Asia Pacific Screen Awards» фестивалінде Асхат Кучинчирековтың «Бауырына салу» дебюттік фильмі «Үздік жастар фильмі» аталымында жеңіске жетті. Ал Айсұлтан Сейітовтің «Қаш» фильмі «Үздік операторлық жұмыс» сыйлығын иеленді. «Ағайынды» картинасында басты рөлдерді сомдаған Айбар Салы мен Әлішер Исмаилов «Үздік жаңа қойылым» үшін марапатпен қанжығаларын майлады. Айта кетейік, қазақстандық режиссерлердің барлық фильмдері бұған дейін де бірнеше рет ірі кинофестивальдерде жүлделі орындарға ие болды. «Азия Оскары» – әлемдегі халықаралық марапаттар бірі. Ол әлемдік кинематографиядағы мәдени әртүрлілікті насихаттауға арналған.