Жоба қазақстандықтардың ашық талқылауына шығарылды. Құжатқа сәйкес, жеке куәлік енді толық аты-жөні, туған күні мен орны, жынысы, құжаттың берілген күні, нөмірі, қолданылу мерзімі, құжат иесінің қолы, жеке сәйкестендіру нөмірі және саусақ іздері сияқты деректерді қамтиды. Ұлтына келер болсақ, оны өз қалауы бойынша көрсетуге болады.
Еске салайық, Астанада жеке куәліктер мен төлқұжаттарды беретін терминалдар орнатылған. Енді қазақстандықтар құжатты өздері ресімдеп немесе ауыстыра алады. Алдағы уақытта еліміздің барлық аймақтарында терминалдар орнату жоспарлануда.