Әйелдер арасында 1500 метрде жарыс жолына шыққан отандасымыздың ереже бұзғаны анықталып, төрешілер шешімі бойынша ойыннан шеттетілді.
Ольга Тихонова, шорт-тректен ұлттық құрама мүшесі:
- Дистанцияны жақсы өттім. Алайда төреші мені ережені бұзды деп шешті. Сондықтан да сайыстан шығып кеттім.
Ал тау шаңғысынан қазақстандық Захар Кучин бабын сынады. Арнайы слаломда ол 36-орында тұр. Шаңғышылар Надежда Степашкина мен Ксения Шалыгина командалық спринттің жартылай финалында 10-орынға ие болды. Ақ Олимпиаданың 14-ші жарыс күнінде Қазақстан ұлттық құрамасының 2 спортшысы шеберлік байқасады. Атап айтқанда, Екатерина Айдова мен Надежда Морозова конькимен жүгіруден додаға түседі. 20 ақпанға дейін жалғасатын Бейжіңдегі Олимпиадада ел намысын 34 спортшы қорғауда.