Қазақстандық компаниялар АЭС құрылысына тартылады

Қазақстандық компаниялар АЭС құрылысына тартылады

Қазақстандық компаниялар бірінші АЭС құрылысына тартылатын болады. Жобаны жүзеге асыруға шамамен 14 миллиард доллар жұмсау жоспарланып отыр. Бұл Атом энергетикасы агенттігінің алдын ала бағалауы. Үкіметте жобалау-сметалық құжаттаманы нақтылау процесінде бұл сома өзгеруі мүмкін екені айтылды. Жоспар бойынша техникалық-экономикалық негіздеме желтоқсанға, ал жобалау-сметалық құжаттама келесі жылға дайын болады. Естеріңізге сала кетейік, Президент Қазақстан ядролық энергетикасы дамыған елге айналуы керектігін бірнеше рет айтқан болатын.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?