Қазақстандық «Қажымұқан фильмі Италиядағы беделді киновестивальде топ жарды. Отандық кинотуынды байқаудың төрт бірдей бас жүлдесін жеңіп алды. Картина еншісіне «Үздік фильм», «Ең үздік ер адам рөлі», «Үздік режиссура» және «Үздік сценарий» марапаттары бұйырды. Режиссері Қанағат Мұстафин тарихи фильм сценарийіне 2012 жылы кіріскен. 8 жыл бойы зерттеу жүргізіп, тек 2020 жылы түсірілімін бастады. Туынды былтыр үлкен экранға ұсынылып, прокатқа шықты. Лентада француз күресінен әлем чемпионы атанған тұңғыш қазақ балуаны Қажымұқан Мұңайтпасовтың тағылымды тағдыры баяндалады. Ол халықаралық және одақтық жарыстарда 50-ге жуық медаль жеңіп алды. Қажымұқанның өмір жолы мен ерлігі бүгінгі күнде де адамдарды шабыттандырады. Оның ғұмырымен өскелең ұрпақ танысып, үлгі тұту керек дейді, фильм авторлары.

