Қазақстандық «Nomad Stunts» каскадерлер тобының мүшесі Ғалымбек Қаратүрік Үндістандағы кинофестивальде жеңіске жетті. «Атвикваруни» фестиваліне әлемнің түкпір-түкпірінен 240 аса туынды қатысса, отандасымыздың картинасы ең үздік шетелдік фильм номинациясында топ жарды. Ғалымбек Қаратүрік каскадер ғана емес, актер және режиссер. Фестивальге апарған туындысын да өзі түсірген. Бүгінде отандасымыз өз тәжірибесімен Ұлттық Өнер Университетінің студенттермен бөлісуде. Алдағы уақытта тағы бірнеше қысқа және толықметражды кинотуындыларды жарыққа шығаруды жоспарлап отыр.
Ғалымбек Қаратүрік, каскадер:
– Негізгі біздің мақсатымыз – өзіміздің кәсіби деңгейімізді сынау, оны жетілдіру әрі тексеру болды. Сол үшін осындай үлкен додаға қатыстым. Бұл мен үшін сәтті жоба болды деп айта аламын. «Тұтылған жарық» деген әр ұлттың өзге ұлтқа ұқсамайтын философиясы болады. Соның ішіндегі – өзіміздің ұлттық философиямыздың табиғатпен байланысын көрсету болды. Өзімнің жеті жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан аты әлемге әйгілі «Nomad Stunts» халықаралық каскадерлер тобының жігіттері мен қыздары қатысты.
Қазақстандық каскадерлер тобы өз саласы бойынша әлемдік деңгейде үздік деп танылғанын айта кеткен жөн. «Nomad Stunts» мүшелері «Томирис» фильмі үшін «Таурус» жүлдесін алды. Бұл марапат каскадерлік «Оскар» деп аталып кеткен.