Өткен демалыс күндері Jibek Joly/Silk way арнасында Silk Way Star халықаралық музыкалық байқауының көптен күткен тұсаукесері өтті. Алғашқы санында 12 Азия елінің өкілдері өз тілдерінде ән шырқады. Байқауда еліміздің намысын Батырхан Мәліков, яғни Әлем қорғауда. Ол сахнаға бірінші болып шықты. Отандық сахна жұлдызы 132 балдың 112 жинап, жетінші орынды иеленді. Ал, Малайзиялық Язмин Азиздің өнері 126 ұпаймен бағаланып, эпизод жеңімпазы атанды. Екінші орында - өзбекстандық Мадинабону Адылова, үшінші орында түркіменстандық Довран Шаммыев. Айта кетейік, алда тағы 9 эпизод бар. Ақтық сын 22 қарашада өтеді.
Silk Way Star
қатысушылары мен қазылар алқасы Астанада BSB концертін тамашалады
Silk Way Star қатысушылары халықаралық вокалдық байқаудың
сахнасында бақ сынап қана қоймай, елдің мәдени өміріне де қанығып жүр. Өткен
жексенбіде олар қазылар алқасының мүшелерімен бірге аты аңызға айналған
Backstreet Boys тобының Астанадағы концертін тамашалады. Оған шамамен 25 мыңнан астам көрермен жиналды. Тең жартысы - Германия, Франция, Түркия, Финляндия,
Эстония, Литва, Грекия, Әзербайжан, Ресей сынды 45 елден арнайы ұшып келген. Мега
шоуды әнші Әлем ашты.
Мишель Джозеф, Silk Way Star байқауының қатысушысы, Моңғолия:
- Әрине, өзімді керемет сезініп тұрмын, өйткені бұл – Backstreet Boys! Біз анам екеуміз олардың концертіне баруды армандайтынбыз. Бүгін сол арман орындалды. Оның үстіне біздің Әлем де сахнаға шығатынын естігенде тіптен қуандым. Оның өнері мені баурап алды. Сондықтан тағатсыздана күтіп тұрмыз.
Backstreet Boys қатысушыларына ұлттық аспап -
домбыра сыйға тартылды. Өз кезегінде, бойз бенд келесі жылы қайтып келуге уәде
берді.

