Ашхабадта түркі елдері
кинематографистерінің «Қорқыт ата» халықаралық фестивалі өтті. ОндаҚазақстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Өзбекстан, Түркия
және басқа да елдерің көркем ғана емес, деректі фильмдері,
сондай-ақ қысқаметражды картиналары көпшілік назарына ұсынылды. Түрікменстан астанасының тұрғындары мен қонақтарына қаланың барлық кинотеатрларында байқау
бағдарламасына қатысушы фильмдер көрсетілді.
Сұлтан Раев, ТҮРКСОЙ бас хатшысы:
- Бұл фестиваль бауырлас елдердің кино саласындағы шеберліктерін көрсетуімен,
мазмұны мен менталитеті жағынан жақын болып келуімен өзгелерден ерекше. Бізге
әлемнің түркі киносымен жақынырақ танысып, әлемге біздің фильмдер туралы паш
етуі маңызды. Сондықтан, бұл, бірінші кезекте, түркі киносының дамуы үшін
бірегей алаң болып табылады.
Фестиваль аясында шетелдік
қонақтар 2024 жылы Түркі әлемінің мәдени астанасы атанған Анау қаласына барды.
Алтынай Нөгербек, Қазақстан Республикасының
Театр және кино актрисасы:
- Біз осы фестивальге «Ұлы Дала
таңы» картинасын алып келдік. Бұл біздің халқымыздың тарихы. Қасым ханның
басқару тарихы. Бұл менің Ашхабадқа алғаш келуім. Осы шарада өз елімнің атынан
өкілдік ету үлкен мәртебе. Бұл фестиваль Орталық Азия елдері арасында кино
саласының дамуына көпір салады деп ойлаймын.
Айта кетейік, фестивальдің басты нышаны – «Тырна» мүсіні Қазақстанға берілді. Яғни келесі мәдени шара біздің елімізде өтеді.
Әсел Күшенғалиева