Ақтау портында заманауи контейнерлік хабтың құрылысы жүріп жатыр. Сарапшылардың айтуынша, бұл жоба Қазақстанның халықаралық логистикалық жүйедегі ұстанымын арттырып, көлік-логистикалық саланың әлеуетін кеңейтеді. Бүгінгі таңда 24 гектар аумақты тазарту аяқталды. 100-ден астам арнайы техника жұмылдырылды. Ондағы жұмыстар екі ауысымда жүргізілуде. Жаңа хаб Транскаспий бағыты бойынша контейнерлер тасымалын ұлғайтуға және транзиттік жүктердің бір бөлігін қайта бағыттауға мүмкіндік береді. Еске сала кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев теңіз айлақтарын түрлендіріп, оларды Каспий теңізінің жетекші хабтарының біріне айналдыруды тапсырды.
Қайрат Қалиолла, «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» ҰК АҚ логистика
бөлімінің бас менеджері:
- Жобаның іске асыру әсері Ақтау порты арқылы түрлі бағыттар бойынша контейнерлік жүктерді өңдеу және жөнелту бойынша қызметтердің толық спектрін көрсету үшін заманауи инфрақұрылым құру. Бұл жоба іске асырылғаннан кейін Ақтау портының контейнерлерді ауыстырып, тиеу бойынша қуаттылығы жылына 300 мың жфе-ге дейін жетеді.
Авторы: Әсел Күшенғалиева

