Қазақстандық оқушы зағиптарға арналған көмекші білезік ойлап тапты

Қазақстандық оқушы зағиптарға арналған көмекші білезік ойлап тапты

Қазақстандық оқушы зағип жандарды қауіптен сақтайтын құрылғы ойлап тапты. Аяққа тағылатын көмекші білезіктегі датчиктер алдағы кедергіні алыстан сезіп, дірілдеу арқылы қатер туралы белгі береді. Жас өнертапқыш құрылғыны құрастыру үшін үш ай бойы тынымсыз еңбектенген. Бірегей туындысын арнайы зертханада 3Д форматтың көмегімен жасаған. Бүгінде төл жобасын патенттеп те алған.

Рахат Өмірбек, оқушы:

- Технологияға ғылымға деген махаббатым оянды. Соның арқасында мен осындай адамзатқа деген пайдасы келетін бір құрылғы ойлап тапқым келді. Содан соң осы «Vision Asistent» дүниеге келді. Қазір 4 прототип бар. Бұл соңғы 5 протиптермен жұмыс жасап келе жатырмыз. Әрбірінен соң оны тестілеуден өткізіп оны жетілдіріп тұрамыз.

Жаңа құрылғы зағиптар үшін қауіпсіздіктің кепілі ретінде нұсқаушы әрі сенімді жол серік болмақ. Ол өте жеңіл, әрі тағып жүруге ыңғайлы. Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі жандар құрылғыға «дыбыстық жүйе» орнату қажет деп өтінген. Қазір ол осы тетікті енгізу үстінде. Яғни, енді құрылғы кедергіні қай жағынан айналып өту дұрыс болатыны жөнінде де кеңес береді.

Бибігүл Күшекова, жоба жетекшісі:

- Бұл жұмысқа кері байланыс берілген болатын. Солармен жұмыс жасап, бұл құрылғыны жөндеу арқылы қоғам игілігіне жарату үшін инвестор іздесек дейтін ниет бар.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?