Қазақстандық оқушылардың жобасы Rise Global Winners 2024 бағдарламасы бойынша әлемнің 100 үздік инновацияларының қатарына енді. Беделді тізімге кірген көзілдірікті атыраулық оқушылар жасанды интеллектің негізінде жасап шығарған. Хайдар Атағұла мен Қайырхан Лұқпанов ойлап тапқан ақылды құрылғы 4 негізгі қызметті атқарады. Ол кез-келген сұрақтарға жауап береді, мәтінді оқиды, сканерлейді. Сонымен қатар көзі нашар көретін жандарға еркін жүру үшін кеңістікті бағдарлауға көмектесіп ғимаратта болып жатқан түрлі жағдайларды сипаттап береді. Отандық жас өнертапқыштар әзірлемелерін жетілдіріп, қызметтік мүмкіндіктерін кеңейтуге ниетті.
Хайдар Атағұлла, жоба авторы:
- Жалпы басты мақсатым – көзі көрмейтін адамдарға көмектесу. Мен бірінші Python деген тілді оқып, тағы арнайы бағдарламалау курстар алдым. Осылайша өз жобамды бастап кеттім.
Жеңіс Ермұқанов.