Қазақстан мен ТМД елдерінің үздік ІТ-стартаптары 20 млн теңгеге дейін қаржыландыруға ие болады. Болашағынан үміт күттіретін жобаларға Аstana Hub қолдау көрсетуге дайын.
Жақында қолға алынған Seed Money бағдарламасына салада енді қарымын байқап жүргендер де, тәжірибелі ІТ-мамандар да қатыса алады. Басты талап: өз өнімі бар және жұмыс істеп тұрған стартап болуы тиіс. Бұл үшін өтінім беруден бастап келісімге қол қоюға дейін, барлығы алты кезеңнен тұратын іріктеуден өту қажет.
Жобаға қызығушылық танытушылар қазір-ақ табылып жатыр. Технопарктің бас директоры Мағжан Мәдиевтің айтуынша, өтінім бергендер саны күн санап артуда. Алайда олардың арасынан ең тиімді деген 35 жоба іріктеп алынады.
Жеңімпаздар бизнесін дамытуға қажет қаржыға ие болып қана қоймайды, сонымен қатар оларға тегін оқытуғ менторлық, инвесторларға шығумен 500 ІТ-компанияның қоғамдастығына кіру мүмкіндігі, салықтық және визалық жеңілдіктер PR-қолдауға ие болады.
Мағжан Мәдиев, Astana Hub бас директоры:
- Қаржыландыруға үміткер атану үшін бірнеше талап қойылады. Бірінші кезеңі – MVP немесе минималды қабілетті өнімнің болуы. Бұл қандай да бір қызмет атқаратын, пайдаланушылары бар және сатылымға шыққан прототип өнім. Екінші кезең Product/Market Fit деп аталады, бұл жүйелі сатылымдарды талап етеді. Атап айтқанда, стартаптарға 5, 10 және 20 млн теңге көлемінде қаржыландыру көрсетіледі.