Қазақстанда алғаш рет неміс операсы шырқалды

Қазақстанда алғаш рет неміс операсы шырқалды. «Астана Опера» ұжымы көрермендерге «Ерікті мерген» концерттік қойылымын ұсынды. Премьера театрдың биылғы маусымын жапқанын айта кетейік. «Ерікті мерген» шығармасының орындалуына сахнада оркестр, хор және солистер бірге атсалысты.

Кештің тағы бір ерекшелігі – бір рөлге бірнеше әртістің қатыстырылуы. Бұл бас дирижер Алан Бөрібаевтың ұсынысы екен. Ол қазақ сахнасында көрерменге жаңаша бір леп ұсынғысы келгенін жасырмады.

Алан Бөрібаев, ҚР еңбек сіңірген қайраткері:

– Менің ойымша, осы жаңа шығармашылық белес, осы жолды жүріп өтуге бел байлаған біздің әртістер, симфоникалық оркестр үшін маусым соңында оңай болмады, әрине. Дегенмен, осы бастамамыз ұжымға жаңа серпіліс береді және шығармашылық өсімге жағдай жасайды деп сенемін.