Кубизм және сюрреализм, абстракционизм және импрессионизм. Түрікменстан астанасында өткен көрмеде модерн стилінің түрлі бағыттарында орындалған жұмыстар ұсынылды. Экпозицияны ұйымдастырушылардың айтуынша, оған дайындық 5 ай бойы жүргізілген. Қатысушылар қатарында кәсіби суретшілер ғана емес, Бейнелеу өнері академиясының студенттері де бар. Соңғылары үшін Түрікменстанның белгілі қылқалам шеберлері өз тәжірибелерімен бөлісіп, шеберлік сыныптарын өткізді. Айта кетейік, ұсынылған жұмыстар осы көрме үшін арнайы жасалған. Авторлар оларды 1-2 ай бойы жазған.
Гахрыман Гочмурадов, Түрікменстан бейнелеу өнері академиясының оқытушысы, суретші:
- Мен алты жұмысымды алып келдім. Олардың біреуін «Аңшылар» деп атадым. Неге мұндай атауды таңдадым деп ойларсыздар? Картинада садақ ату бойынша бір-бірімен жарысатын екі жас адам бейнеленген. Ал, айналасында аң аулау көріністері бейнеленген. Картинаның негізгі мақсаты - алға қойған мақсатқа қол жеткізу. Жұмыста мен жылы түстерге аздап қара реңктер де қостым.
Сасаки Хироси, Жапонияның Түрікменстандағы елшісі:
- Түрікменстанның осы көрмесі қызығушылығымды оятты. Мұнда сурет өнері майталмандарының мықты деген жұмыстары қойылған.
Авторы: Әсел Күшенғалиева

