Адамдарда аллергия тудыратын микробөлшектерді тоқтаусыз жинайтын шаңсорғыш-дрон. Дәл осындай экологиялық ноу-хауды қазақстандық үш студент ойлап тапқан. Құрылғы шетелдік инвесторлардың қызығушылығын тудырған. Әзірлеушілердің айтуынша, олар зиянды нанобөлшектерді ұстайтын сіңіргіш элементтерді сынап көрген. Негіз ретінде Алматының ластанған ауасын алған.
Остап Горбунов, әзірлеме авторы:
– Прототипіне келетін болсақ, қазір біз онымен белсенді түрде жұмыс жүргізіп жатырмыз. Ол квадрокоптерден, қозғалтқыштан және сүзгіден тұрады.
Адамзат үшін басты қауіп төндіретін ол - PM2.5 бөлшектері. Бұл зиянды элементтер – автокөліктерден бөлінетін газдардан, сондай-ақ көмір мен ағашты жағу кезінде пайда болады.
Айя Марат, әзірлеме авторы:
– Бұл сол 3-4 апта ішінде жоғалатын нанобөлшектер. Ұзақ уақыт ауада тұрақтап тұрады. Сондықтан біздің мақсатамыз - оларды тазалау.
Бұған дейін дрондарды тәжірибе жүзінде ұшырып көрген. Мысалы, эко құрылғыны ұшыру кезінде онымен қатар ауаны ластайтын шашырандылар шашырайды. Нәтижесінде технология жұмыс істеп тұрғанын көрсетті. Сондай-ақ тағы бір тестілеуде жабық гаражды пайдаланылған газбен толтырып, дронның күші сыналды. Нәтижесінде бұл сынақ та сәтті өтті.
Айя Марат, әзірлеме авторы:
– Бастапқыда бізге шетелдік университеттерден, шетелдік инвесторлардан хабарласты. Біз прототипті жасамай тұрып, алты ай бұрын бізге Мичиган университетінен, Сингапурдан, Катардан хабарласты. Тіпті, жай идеяның өзі үшін олар бізге қомақты қаражат ұсынды. Тек өнім солардың елінің атынан шығуы тиіс деген шартпен.
Алайда жас ғалымдар технологияны дәл Қазақстанда жасап шығарғысы келеді. Ал тәжірибемен бөлісу болашақтың еншісінде. Оған қоса, аталмыш жобаны қолданғысы келетін инвесторлар елімізде де бар. Әрине, әзірге тек жеке инвесторлар қолдауға ниетті. Десек те, отандық жас ғалымдар болашақта мемлекетен де қолдау табатындарына сенімді.