Жуырда көлік-логистика саласын жасанды интеллект басқаратын болады. Бұл туралы қаржы өнеркәсібі осы сала сарапшыларына сілтеме жасай отырып хабарлады.
Олардың мәліметінше, алдағы жылдары жаңа технологияларды енгізумен байланысты автоматтандырулар жаппай жүзеге асырылады. Таяуда таныстырылған «Жаңа кәсіптер атласына» сәйкес, жақын арада бұл салада 20 жаңа мамандық пайда болады, 9-ы өзгертіліп, 16-сы мүлдем жойылады.
Жаңа кәсіптер арасында қазірдің өзінде көлік ағындарын басқару мен ақылды логистика, интеллектуалды көлік жүйесін жобалаушылар мен операторлар сұранысқа ие. Дәстүрлі қолмен техникалық қызмет көрсету біртіндеп роботқа жол ашады. Ақаулар мен кемшіліктерді болжау және анықтау датчиктермен жүзеге асырылатын болады. Сүңгуір мамандары да өзгеруде. Олар «суасты дрондарының операторлары» деп аталады. Өйткені суасты жұмыстары аталмыш техникамен орындалады. Алайда жасанды интеллекттің дамуымен бұл мамандықтар да жоғалады. Сарапшылардың пікірінше, бұл 15 жылдан кейін іске асады, ал әзірге еңбек нарығы мұндай мамандарға мұқтаж.