Қазақстандық Табиғатты қорғау бастамасы әлемдік экологиялық байқауға ұсынылды

Қазақстанның флора мен фаунаны қорғау және қалпына келтіру бағытында жасалып жатқан жобасы жоғары бағаға ие болды. «Алтын дала» табиғатты қорғау бастамасы әлемдік экологиялық байқауда 15 финалистің қатарынан табылды. Экожоба 2005 жылы ақбөкендердің жойылып кетуіне жол бермеу мақсатында құрылған. Үлкен еңбектің нәтижесінде түз тағыларының популяциясы шамамен 3 млн-ға жетті. Бұл - бұрын-соңды болмаған көрсеткіш. Бұдан бөлек «Алтын Дала» серіктестерімен бірлесіп, ақбөкендерден бөлек дала бүркіті, құлан және Пржевальский жылқысының тұқымын қайта қалпына келтіру жұмысын да қолға алған. Айта кетейік, Қазақстандық бастама Ұлыбритания, Эквадор және Перу жобаларымен бәсекеге түспек. Марапаттау рәсімі 6 қарашада Оңтүстік Африкада өтеді.