Қазақстандық қыздар Кремний алқабында Тechnical Рrize сыйлығын алды

Қазақстандық қыздар Кремний алқабында Тechnical Рrize сыйлығын алды

Қазақстандық қыздар Кремний алқабын бағындырды. Сегіз жасар қос өреніміз «Technovation Girls Global Summit» жаһандық білім беру бағдарламасының жүлдегерлері атанды. Жас өнертапқыштар - Аиша Есет пен Ева Журкина IHear бірегей мобильді қосымшасын әзірлегені үшін «Technical Prize» номинациясы бойынша арнайы сыйлыққа ие болды. Ол кохлеарлық импланты бар балаларға сөйлеуді дамыту мен қарым-қатынас жасауға көмектеседі. Қосымша жасанды интеллект технологиясының негізінде жасалған және балалардың когнитивтік дағдыларын жақсарту үшін дербес жаттығуларды ұсынады.

Аиша Есет, жас өнертапқыш:

- Біздің туғанынан құлағы естімейтін Айлин есімді құрбымыз бар. Оның әр құлағына кохлеарлық импланттар орнату үшін екі бірдей операция жасады. Оған көмектескіміз келеді.

Ева Журкина, жас өнертапқыш:

- Сондай-ақ, біз ақтық сында басқа командалармен танысып, өз жобамызды лицензиялық мектептер, түрлі сайттар, инстаграмдар, ютуб арқылы таратқымыз келеді.

Айта кетейік, Аиша мен Ева үлкен сында 69 елдің 11 мыңға жуық өкілінің арасында ең жас қатысушылар атанды. Жалпы білім беру бағдарламасында әлеуметтік мәселелерге арналған 3200 тарта технологиялық шешім ұсынылды. Қазақстандық жобалардың нәтижесі жоғары.

Махаббат Өскенбаева, Қазақстандағы Technovation Girls бағдарламасының маркетологы:

- Бұл маусым Қазақстан үшін рекордты кезең болды. 2345 қыз тіркеліп, оның 606-сы әлеуметтік проблемалардың шешімі бола алатын мобильді қосымша жобасын жүктеді, осылайша 18 команда жартылай финалға өтті. Арасынан 8 жастағы қыздар командасы суырылып шықты. Олар әзірлеген қосымша үздік технологиялық шешім тапқаны үшін Technical Price аталымында жүлделі болды. Technovation Girls - жаһандық еріктілер бағдарламасы - оған қатысу тегін. 8-18 жас аралығындағы қыздарға арналған, Жоба жас өрендердің кәсіпкер, көшбасшы болуға және командада жұмыс істеу дағдыларын меңгеруге көмектеседі.

Жеңіс Ермұқанов

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?