Бактериядан алынған пластик. Алматылық ғалымдардың ноу-хау өнертабысы «псевдомонас» деп аталатын микроағзаның биоматериалынан ыңғайлы материалды синтездеуге мүмкіндік береді. Ғалымдар бұл бактерияны кәдімгі цикорий тамырынан алып, оның қасиеттерін сегіз ай бойы зерттеген. Айта кетейік, алынған пластикті көптеген тауарлардың сыртына жағу арқылы қаптама ретінде пайдалануға болады. Ғылыми жаңалық жемістерді, көкөністерді, тіпті дәнді дақылдарды ұзақ уақыт бойы сақтауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, биопластиктің басты қасиеті табиғатта тез ыдырайтындығы. Биопластик жасанды тамыр жасау үшін де қолайлы.
Аида Қыстаубаева, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ биотехнология кафедрасының меңгерушісі:
– Эндофит микроорганизмдерді бөліп алдық, оны біз өсімдіктің тамырынан бөліп алдық. Өсімдік тамырында бұл микроорганизмдер пластик сияқты полимерлерді бөліп шығаратын болған. Бұл псевдомонадо түріне жататын бактериялар. Қазіргі уақытта біз оның түрін толығымен зерттеп шығардық.
Людмила Игнатова, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ биотехнология кафедрасының доценті:
– Биопластикті тұқым қабығы ретінде пайдалануға болады. Мұндай жабындар тұқымның сапасын жақсартады, оларды тұқымның өнуіне ықпал ететін әртүрлі қоректік заттармен байытуға болады. Сондай-ақ, биопластикпен қапталған тұқым сыртқы ортаның әсерінен қорғалады.
Ғалымдардың айтуынша, егер жоба мемлекет тарапынан қолдау тапса, зерттеуді жетілдіріп, алдағы үш жылда ғылыми жаңалықты өндіріске енгізуге болады.