Қазақстанда домбыра күні аталып өтеді

Қазақстанда домбыра күні аталып өтеді

Шілде айының алғашқы жексенбісі Қазақстанда домбыра күні аталып өтеді. Қазақтың ұлттық аспабы күні 7-ші жыл қатарынан арнайы мерекеленеді. Бұл жолы да еліміздің әр өңірінде концерттер ұйымдастырылып, ұлы композиторлардың танымал туындылары мен халық күйлері топтық орындауда ұсынылмақ.

Қос ішекті аспап туралы ресми деректер алғаш XIV ғасырда жарық көрген. Осы күнге жеткен ең көне домбыраның бірі Астанадағы Еуразия Ұлттық Университетінде сақталған. Жәдігер «Ата домбыра» деп аталады. Ол тарихи маңыздылығына байланысты университет музейіндегі Күлтегін атриумына қойылған.

Тамара Қожамқұл, ЕҰУ жазу тарихы музейінің меңгерушісі:

– Белгілі ғалым Қаржаубай Сартқожа, түркітану және алтайтану орталығының директоры. Осы домбыраны Алтайдан түпнұсқасын алып келді. Домбыра қабырғада сүйеліп тұрған және еш мүсіні жойылмаған. Өзінің түрін және түр-тұлғасын құртпай, бізге келіп отыр.