Қазақстандық бүлдіршіндер отандық мультфильмдерді қызыға көреді

Қазақстандық бүлдіршіндер отандық мультфильмдерді қызыға көреді

Қазақстандық бүлдіршіндер отандық мультфильмдерді қызыға көреді. Әсіресе ежелгі халық аңыздарының негізінде түсірілген туындыларға сұраныс көп.  Соңғы он жылда 50-ден астам анимациялық фильм түсіріліпті. Осылайша, көгілдір экраннан кішкентай көрермендер «Алпамыс», «Батыл балапандар»,  «Ертемір» сынды мультфильмдер кішкентай көрермендерге жол тартты. Алдағы уақытта тағы үшеуі жарыққа шықпақ.

Адай Әбелдинов, «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының» Бас продюсері:

– «Кенже қыз» деген 10 бөлімнен тұратын анимациялық сериал бар. Оның барлығы қазақ тілінде түсірілген мултьфильмдер. «Бесік жыры» деген қысқаметрлік мультфильм бар. Сосын сақ дәуірін баяндайтын «Алтын адам» деген Қазақфильм киностудиясында толық метрлі фильм түсіріліп жатыр.

Қазақ тілінде ең алғаш шыққан «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» мультфильмі ерекше танымал болғаны белгілі. Қазір уақытта балалар қандай туындыларды қызыға тамашалайды?

БЛИЦ:

– Мен қазақстандық мультфильмдерде заттар сөйлесе деймін. Сол туралы түсірілсе, мысалы, сөйлейтін орындық. Немесе шам.

– Маған «Али мен Айя», «Бетперделі батыр», «Күлше қыз» ұнайды.

– «Алдар көсе», «Сиқырлы тас», «Балапан» – маған олар ұнайды. Өйткені олар қызық!

Анимация нарығы жеке инвесторлар үшін де қызықты екенін айта кеткен жөн.

Ділшат Рахматуллин, анимациялық студия жетекшісі:

– Жеке бизнес анимацияға келсе,  ол өте жақсы драйв алып келеді. Анимация дамиды. Біз оған келе жатырмыз. Қазір жеке бизнес оған қарап жатыр. Қазір ютубта, кинотеатрларда ақша табуға болады. Сондықтан ақырындап ол да болады деп ойлаймын.