Қазақстан Президенті Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады

Қазақстан Президенті Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады

Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады. Қасым-Жомарт Тоқаев Instagram парақшасында жас ұрпақтың құқығын қорғау, денсаулығын сақтау және олардың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасау – жалпыұлттық мақсат және конституциялық міндет екенін атап өтті. Мемлекет басшысының айтуынша өскелең ұрпақтың жасампаздық рухы орасан зор. Олар білім мен спортта, өнерде мол табысқа жетуде. Президент бастамасымен қолға алынған «Ұлттық қор – балаларға» жобасы аясында мемлекет тарапынан әрбір балаға қамқорлық жасалып жатыр. Биыл «Қазақстан балалары» тұжырымдамасы іске асырыла бастады. Жалпы жас буынды қолдау әрдайым еліміздің, яғни Әділетті және Озық Қазақстанның басты назарында болады, – деп жазды Президент

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?