БҰҰ-ның Ливандағы миссиясының Шығыс секторында орналасқан олар БҰҰ мандаты аясында жаяу және мобильді патрульдеуді жүзеге асырды. Сондай-ақ жол тосқауылдарының жұмысын ұйымдастырумен айналысты деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.
Айта кетейік, бүгінге дейін үнді контингенті құрамында 500-ден астам қазақстандық әскери қызметші Ливандағы миссияны орындауға қатысқан.