Денсаулық сақтау саласындағы тың технология. Қазақстандық Марғұлан Нұртай адамның өкпесін рентгендік суреттер арқылы талдап, автоматты түрде диагноз қоя алатын жоба ойлап тапты. «Жаңа құрылғыны жасақтауға коронавирус пандемиясы түрткі болды», – дейді жас ғалым. Теориялық материалды зерттеп, оның бағдарламасын жазуға бір жыл уақыт кеткен. Енді апробация және жасанды зердені қолданысқа енгізу кезеңдері күтіп тұр.
Марғұлан Нұртай, жоба авторы:
- Ең алдымен нейрондық желінің моделі құрылды. Одан кейін қолданылатын архитектура және де басқа да түрлі математикалық тәсіл ескерілді. Ғаламтор порталындағы 3 мың рентгендік суретті алып, нейрондық желіні оқыттық. Ол үшін техниканы өзіміз жасадық.
Ақылды технологиямен өкпе ауруларын диагностикалау едәуір жеңілдей түспек. Жоба авторы құрылғы дәрігерлерге жақсы көмекші боларына сенімді.