Қазақтың дәстүрлері мен заманауи технологиялардың үңдестігі. Қазақстандық
студенттер адамдарды құтқаруға арналған киіз үй ойлап тапты. Бірегей құрылыс
жобасы экстремалды жағдайларға бейімделген, оны оңай жинауға және бөлшектеуге
болады. Ең бастысы баспана – табиғаттың тылсым мінезіне төзімді. Қаңқаның
салмағы шағын болуына қарамастан, ол өте берік. Ал, қас беті тығыз киізбен
қапталған. Авторлардың айтуынша, киіз үйді төтенше жағдайлар аймағында
пайдаланылуға болады.
Назар Қожахметов, студент:
- Диаметрі 4 метр болады да, ал жинақы түрде диаметрі 2 метр болады. Ол 4
метр толығымен ашылған кезде, бізде ішінде адам комфортно өмір сүру үшін 3-4
адамға дейін сияды. Ал, егер экстрималды ситуация кезінде толығымен ішіндегі
энергиясы 8 адамды қамтамасыз етуге жетеді.
Инновациялық модульдік тұрғын үйдің ауданы 14 шаршы метрді құрайды. Бірақ
ең бастысы ол емес, киіз үйдің толығымен автономды болғаны. Онда электр энергиясынан
басқа, жаңартылатын қуат көздерінің көмегімен өндірілетін жылу мен су бар. Едені де
жылыту жүйесі орнатылған. Ал, күн панельдері электр энергиясын жинақтап,
аккумуляторларды қуаттайды.
Бақдәулет Орынбасаров, студент:
- Қүн панелі арқылы біз жарық ала аламыз, оны
аккумуляторға накопление жасаймыз энергиясын. Ал, баламалы нұсқа ретінде мен
желдеткішті ала аламын. Күн жоқ кездерде немесе жел қатты болып жатқан кезде
бізде альтернативті вариантымыз жақсы жұмыс істейді.
Өнертабыс иелері - Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің
студенттері. Енді олар заманауи құрамалы киіз үйді жетілдіруді жоспарлап отыр. Барлық
түзетулерден кейін жобаны нақты жағдайда сынақтан өткізуге ниетті.

