Қазақстан Қытаймен энергетика
саласында инвестициялық ынтымақтастықты тереңдетуге ниетті. Тараптардың бұл бағыттағы
бірлескен жобалар әлеуетін Ел Премьер-Министрі мен аспан асты елінің CNPC компаниясының басшысы талқылады.
Мәселен осы орайда Кеңқияқ – Атырау, Кеңқияқ – Құмкөл мұнай құбырларын кеңейту
шаралары қаралды. Қазіргі уақытта қос ел сарапшылары қажетті есептер жүргізуде.
Олжас Бектенов пен Дай Хоулян «Бейнеу – Бозой – Шымкент» газ құбырының бірінші
желісін салу және іске қосу бойынша табысты іске асырылған бірлескен жобаны
мысалға алып, газ саласындағы ынтымақтастықты одан әрі арттыру жағына да
тоқталды.