Олардың бірі Қазақстанда қолданылатын томосинтез жүйесі. Бұл сүт безінің түзілуін зерттеудің инновациялық әдісі. Бұл заманауи тәсіл арқылы ағзаның көлемді 3-D суретін алуға болады. Мұндай медициналық қызмет елдің жетекші клиникаларында қолжетімді. Озық үлгідегі бірегей диагностикалық жабдықтарды меңгеріп алу үшін Президент іс басқармасы ауруханасының бейінді мамандары шетелде арнайы оқудан өткен. Бүгінге дейін 500 мыңнан астам адам оның шарапатын татып үлгерген. Өкінішке қарай, соңғы кездері елімізде әйелдер арасында онкологиялық аурулардың ішінде сүт безі қатерлі ісігі көш бастап тұр. Бұл жағымсыз үрдіс тек бізде ғана емес жалпы жаһан деңгейінде белең алып барады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегінше, 2020 жылы әлем бойынша екі миллионнан астам әйелге осы диагноз қойылған. Онкологтар обыр ерте анықталса, дерттің шипасын табуға болатынын айтады. Бұл ретте, сандық технологиялардың көмегі өлшеусіз.
Қызылгүл Смайылова, Президенттік клиниканың рентген диагностика бөлімшесінің меңгерушісі:
- Бұл құрылғының кәдімгі қолданыста жүрген цифрлық мамографпен салыстырғанда бірқатар артықшылығы бар. Біріншісі, біз ағзаның ең кішкентай деген бөліктерін көре аламыз. Бұрын бұндай мүмкіндік болмаған еді. Әдетте темір тіндері басым болады. Сондықтан әдеттегі мамографта қиындықтар болады. Дәрігер тым ұсақ бөліктерін жіберіп алуы мүмкін. Бұл оның қабілетсіз дегені емес. Құрылғының мүмкіндігі шектеулі. Ал қазір бар болғаны 05 мм. кесінді арқылы біз сүт безінің барлық қалыңдығын, қабаттарын көре аламыз.