Бұл туралы елорда әкімдігінде хабарлады. Еліміздің бас қаласында отбасылық ойын-сауық ауданы құрылады деп күтілуде. Жобаға БАӘ компаниясы инвестиция салмақшы. Қазір нысан жоба алды, тиісті құжаттаманы әзірлеу және құрылыс сатысында тұр. Көпфункционалды кешен Есіл ауданында Ұлы Дала даңғылы мен Айтматов көшесінің қиылысында салынады. Жалпы сомасы 850,5 млрд теңгені құрайтын кешеннің аумағы 300 гектардан асады. Сонымен қатар жоба аясында 15 000 шаршы метрлік аквапарк, ойын алаңдары, саябақтар, террассалар, кеңсе және коммерциялық үй-жайлар, қонақ үйлер, әлеуметтік және тұрғын үй инфрақұрылымы нысандарын салу жоспарланған.