Нью-Йорк төріндегі қазақтың Шаңырағы. БҰҰ жанындағы Қазақстанның тұрақты өкілдігінде осы аттас арт нысан ашылды. Тың бастаманы еліміздің халықаралық ұйымдағы тұрақты өкілі Мағжан Ілиясов ұсынған. Осылайша, ғимараттағы төрт бағана суретші Манат Төлегеновтың еңбектерімен безендірілді. Олар еліміздің әсем табиғатына арналған. Бағаналарға «Солтүстік», «Оңтүстік», «Батыс» және «Шығыс» деп атау берілген.