Еgov mobile арқылы талдау нәтижелері

Қазақстандықтар енді талдау нәтижелерін Egov mobile арқылы ала алады. Зертханалық зерттеулердің барлық түрін сақтау үшін бірыңғай интеграциялық портал кеңейтіледі, деп хабарлады еліміздің Денсаулық сақтау министрлігі. Бастаманы биыл іске асыру жоспарланып отыр. Осылайша, медициналық талдаулардың нәтижелерін қосымшада көруге болады. Министрлікте атап өткендей, Egov-тағы «Денсаулық паспорты» бөлімінде пайдалы ақпарат аз болғандықтан, халық арасында аса танымал емес. Сол себепті жаңа «Egov. Денсаулық» әзірленетін болады. Онымен қоса елдегі ауруханалар мен емханалардағы дәрі-дәрмек пен медициналық техниканың бар-жоғы туралы мәліметтер де қамтылады деп жоспарлануда. Сондай-ақ Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесе отырып, үкіметтің электрондық порталы арқылы азаматтарды вакциналау туралы мәліметтерді түзету мүмкіндігі іске қосылады.