Президент Ұлттық музейдегі өнер туындылары көрмесін тамашалады

Мемлекет басшысы елордадағы Ұлттық музейде отандық және әлемдік бейнелеу өнері туындыларының көрмесімен танысты. Қасым-Жомарт Тоқаевқа әйгілі италиялық суретші Леонардо да Винчидің «Әдемі ханшайым» картинасының түпнұсқасы көрсетілді. Бұл Жоғары Ренессанс дәуіріне жататын құнды жәдігердің Еуропадан тысқары жерде алғаш көрсетілуі.

Танымал туындының көрмесі Ұлттық музейдің 10 жылдығына орай Италияның «Scripta Maneant» баспасымен бірлесе ұйымдастырылған.