Қазақстандағы шағын және орта бизнес кәсіпорындарының саны 2,7% өсті

Қазақстандағы шағын және орта бизнес кәсіпорындарының саны 2,7% өсті

Қазақстанда ШОБ саласы қарқынды дамып келді. Елімізде шағын және орта кәсiпорындардың саны 3% дерлiк өсiп, 2 миллион 180 мыңға жеттi. Бұл ретте, Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша олардың екі миллионнан астамы жұмыс істеп тұр. Айта кетейік, осы жылдың бірінші тоқсанында кәсіпкерлер 16 триллион теңгеден астам өнім өндірді, бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 22%-ке артық. Осылайша, елдің ЖІӨ-дегі ШОБ үлесі шамамен 38%-ті тең келді. Айта кетейік, қазір Қазақстанда шағын және орта кәсіпорындардың басым бөлігі жеке кәсіпкерлердің үлесінде. Олардың артынан шаруа қожалықтары және фермерлік шаруашылықтары келеді. Айта кетейік Түркістан және Қостанай өңірлерінде, сондай-ақ Ұлытау облысында ШОБ үлесі басым. Бұдан басқа, кәсіпорындар сауда, жөндеу, ауыл, орман және балық шаруашылықтарында жұмыс істейді. Өнiм шығаруға өңдеушi өнеркәсiп пен құрылыс кәсiпорындары да елеулi үлес қосады.