Қазақстан биыл 2,6 млн тонна бидай экспорттады

Қазақстанның Қытайға бидай экспорты 66% артқан. Биылдың 5 айында ғана аспан асты еліне 254 мың тонна астық жөнелтілді. Сондай-ақ, отандық ауыл шаруашылығы өнімін импорттау көлемін Өзбекстан, Тәжікстан, Италия және Ауғанстан мемлекеттері де арттырып келеді. Жалпы, қаңтар-мамыр айларында 2,6 млн тонна бидай экспорттаған. Сұраныс өскен сайын, елімізде жаңа астық қоймаларын салу және жұмыс істеп тұрғандарын кеңейту жөнінде кешенді шаралар қабылданып жатыр. Мәселен, 2024-2026 жылдары сыйымдылығы 30 мың тоннадан асатын 5 астық қоймасын іске қосу жоспарланған. Салалық министрлік бүгінде Қазақстанда 6 млн тонна астық қоры барын айтады. Оның 5 млн тоннасы - бидай.