Қазақстандық IT-қызметтер нарығы рекордтық 2,9 трлн теңгеге жетті

Қазақстандық IT-қызметтер нарығы рекордтық 2,9 трлн теңгеге жетті

Қазақстан өңірдің неғұрлым серпінді дамыған цифрлық нарығы ретінде өз позициясын нығайтып келеді. Өткен жылдың қорытындысы бойынша, IT-қызметтердің көлемі рекордтық 2,9 триллион теңгеге жетіп, екі есеге жуық ұлғайды. Тапсырыс берушілердің негізін отандық компаниялар құрап отыр - оларға нарықтың шамамен 87%-ы тиесілі. Сонымен қатар сандық шешімдердің экспорты да өскен – шетелдіктер тарапынан сұраныс үштен бір бөлікке еселенді. Бағдарламаларды әзiрлеу, оларды сынақтан өткізу және деректердi өңдеу қызметтері неғұрлым сұранысқа ие. Big Data технологиялары да белсенді енгізіліп келеді - бүгінде оларды негізінен сауда, ақпарат және байланыс саласында, сондай-ақ құрылыста 4 мыңнан астам қазақстандық кәсіпорын пайдаланады. IT-қызметтердің негізгі көлемі Алматы мен Астанаға тиесілі, олар нарықтың 90%-дан астамын құрайды. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?