Қазақстанда жылжымайтын мүлік бағасының өсу қарқыны төмендейді. Республикалық қаржыгерлер қауымдастығы жанындағы жетекші сарапшы Рамазан Досов осындай болжам жасады. Оның айтуынша, пәтер бағасы қымбаттайды, бірақ қазіргідей қарқынмен емес. Өйткені халықтың ағымдағы кіріс деңгейін ескерсек, нарықтағы бағаның көтерілуі күшейген. Баспана құнының біршама төмендеуіне зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй сатып алуға пайдалану мүмкіндігі әсер етеді. Қазақстандықтар қазірдің өзінде жоспарланған мөлшердің 75% астамын қолданғаны белгілі. Сонымен қатар жеңілдетілген ипотекалық бағдарламалар да қысқаруда. «Осылайша жылжымайтын мүлік бағасы тұрақтайды», – дейді сарапшы.
Айта кетейік, Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, жыл басынан бері жаңа құрылыстардағы тұрғын үй құны 11% қымбаттаса, қайталама нарықтағы баға өсімі 17% жеткен.