Елордада өтетін Рим Папасының мессасына 10 мыңдай адам қатысады

Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің аясында өтетін Рим Папасының мессасына 10 мыңға жуық адам қатысады деп күтілуде. Оның 3 мыңнан астамы – католик дінін ұстанушылар. Сондай-ақ, діни шараға ғибадат етушілерден өзге қарапайым азаматтар да қатысуға ниетті. Ол үшін олар арнайы тіркеуден өткен. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері VII съезінің ресми өкілі Назым Жанғазының айтуынша, тың оқиғаға Қазақстанның түкпір-түкпірінен келушілер саны айтарлықтай.

Назым Жанғазы, әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері VII Съезінің ресми:

– Біріншіден, делегациялар саны 3 есе көбеюде. Енді ол үлкен көрсеткіш. Жалпы пандемиядан  кейінгі ең бірінші үлкен глобалдық тұрғыдағы шара деп айтсақ болады. Съездің бірінші бөлімімнен кейін сағат 16:15-те ЭКСПО-ның маңайында Рим Папасының үлкен мессасы өтеді. Бүгінгі таңда паломниктер дейміз ғой, әлемнің түкпірінен Рим Папасының артынан паломниктер келуде. Ол Еуропа елдерінен, Өзбекстаннан, Қырғыз елінен, Ресей мемлекеттерінен осында Рим Папасының артынан еріп келе жатыр. Сонымен қатар Қазақстанның басқа қалаларынан да қонақтар келе жатыр. Ең көп паломниктер саны Қарағанды облысынан болып шықты.

Сондай-ақ Назым Жанғазының айтуынша, рухани-мәдени халықаралық шара елдің туристік әлеуетіне оң әсерімен қатар, инвесторларды тартуға үлкен септігін тигізуі бек мүмкін.

Назым Жанғазы, әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері VII Съезінің ресми:

 – Енді ол делегацияның жанында өз делегациясы болады. Сондықтан да енді, жалпы 1000-нан астам адам келмек. Оның өзі де бізге ішкі туризмді дамытып қалар деген ойдамыз. Сонымен қатар, жалпы осы делегациямен қатар бүкіл әлемнен журналистер келе жатыр. 180-нен астам журналист, СНН, Евроньюс, Блумберг, Аль-Жазира сияқты медиагигантардың өкілдері келуде. Қазақстан жайында бүкіл әлем 2 күн бойы айтатын болады. Оның өзі біздің Қазақстанға инвестклимат дейміз ғой, сол инвестиция әкелудің бір мүмкіндігі шығар.