Қоршаған ортаның жағдайы нашарлап барады, өсімдіктер мен жануарлардың миллиондаған түрі жойылу алдында тұр. Бұл туралы БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш мәлімдеді. Оның айтуынша, жағдайды адамның өзі де түзете алады. БҰҰ басшысы бұл үшін шаралар қабылдайтын уақыт жеткенін қадап айтты.
«Жер бетінің төрттен үш, мұхиттың үштен екі бөлігіне адам әрекетінің кері әсері тиіп отыр. Жердің тозуы планетадағы 3,2 млрд адамға әсер етуде. Оның барлығына адамның өмір сүру салты, қалай өндіріп, тұтынып жүргені, қоршаған ортаны ластауы себеп», - деп атап өтті Гутерриш.
Бас хатшының айтуынша, жылынуды 1,5 градус Цельсий шамасында сақтау қажет. Әсіресе, БҰҰ басшысы биыл Мысырда өтетін Климатқа қатысты конференцияға үлкен үміт артып отыр. Форумға қатысушылар 2030 жылға қарай қалдықтар көлемін 45%-ке қысқартып, сондай-ақ, ғасырдың ортасына қарай нөлдік эмиссияға қол жеткізуге міндеттеме алады деп күтілуде. Бұл мәселелерді шешу үшін көпжақты көзқараспен ғана қарап жасауға болады.
«Алайда біз бос уәделерден аулақ болғанымыз жөн. Өз міндеттемелерімізді нақты әрекеттермен бекітіп, оларды жүзеге асыру үшін қаржыландыруды қамтамасыз етуіміз керек», - деп ескертті А.Гутерриш.