ОПЕК+ келісімінің бір ауызды болмауының салдарынан «қара алтынның» құны тұрақсызданып, арзандап барады. Мәселен, Brent маркалы мұнай бағасы 75 долларға дейін түсіп қалды. Бірер күн бұрын бір баррелінің құны 80 доллардан саудаланған еді.
Сондай-ақ инвесторларды Біріккен Араб Әмірліктері мен Сауд Арабиясы арасындағы келіспеушілік алаңдатпай қоймайды. Тараптар мұнай өндірудің көлемін біржақты арттыруы мүмкін деген болжам бар. Бұл жаһандық мұнай нарқына кері әсерін тигізуі мүмкін.
Еске салайық, альянс соңғы кездесуде биыл тамыз айында мұнай өндірудің көлемін өзгертуге қатысты келісім аясында ортақ шешімге келе алмады. Осыған орай кездесу кейінге шегерілген болатын. Әмірліктер қолданыстағы келісімді 2022 жылдың соңына дейін ұзартуға қатысты Сауд Арабиясының ұсынысына түбегейлі қарсы. Өзге қатысушы елдердің дені өндіріс көлемін келесі айдан бастап тәулігіне 400 мың баррельге дейін жеткізуді құп көріп отыр.