Жыл соңына дейін Қазақстанда жүк тасымалдау көлемі 300 млн тоннаға жетеді. 2023 жылдың басынан бері бұл көрсеткіш 246 млн тоннаны құрады. Көлік-транзит әлеуетін дамыту бойынша деректерді бейінді ведомство басшысы Марат Қарабаев мәлімдеді. Оның айтуынша, алдағы уақытта 1300 шақырымнан астам теміржол құрылысы басталмақ. Атап айтқанда, «Достық - Мойынты», «Бақты - Аягөз», «Дарбаза - Мақтаарал» желілері мен Алматыны айналып өтетін жол. Сонымен қатар қолданыстағы темір жолдарды жөндеу, жаңа локомотивтер мен вагондар сатып алу, станциялар мен вокзал кешендерінде жаңғырту жұмыстарын жүргізу жоспарланған.