Қазақстанда жұмысшы мамандықтар бойынша кәсіби шеберлік чемпионаты өтіп жатыр

Қазақстанда жұмысшы мамандықтар бойынша кәсіби шеберлік чемпионаты өтіп жатыр

Астанада «WorldSkills Kazakhstan-2024» ұлттық чемпионаты өтіп жатыр. Бұл – кәсіби шеберлік байқауы келер жылы Данияда еуропалық және 2026 жылы Қытайда өтетін әлемдік кезеңдерге іріктеу жарысы. Жаһандық додаларға қатысу жолдамасын 500 астам  болашақ маман иесі сарапқа салуда. Олардың 30 құзірет бойынша біліктілігі сыналады. Дәстүрлі мамандықтармен қатар IT, робототехника сынды заманауи кәсіптерді меңгеріп жатқан студенттердің білімдері бағаланады.

Санжар Тәтібеков, «Talap» КЕАҚ Президенті:

- Біздің әлемдік чемпионаттарға қатысатын студенттеріміз бәсекеге қабілетті деп толықтай айта аламыз. Яғни, оның куәсі биылғы жылы 6 баланың медальонға ие болғаны. Медальон дегеніміз әлемдік деңгейде кәсіби біліктілігін дәлелдегені. Олар халықаралық чемпионатта оны дәлелдей білді. Ол биыл Леон қаласында өтті Францияда.

Дәстүрлі жарыстың әлемдік деңгейінде соңғы 4 жыл бойы қазақстандық веб-әзірлеушілер үздіктер қатарынан табылуда. Руслан Юсупов жаһандық сыннан екі жүлде еншіледі. Қазір осы бағытта өз ізбасарларын сайлап жүрген тәлімгер – республикалық іріктеу додасын бағалайтын 500-ден астам сарапшының бірі.

Руслан Юсупов, ВЕП технологиялар бойынша тәуелсіз сарапшы:

– Біз қарапайым веб парақтардан бастап Google, Apple, Amazon сынды ірі компанияларда әзірленетін веб-қосымшаларға дейінгі сайттарды жасаумен айналысамыз. Қазақстан – қазіргі таңда WorldSkills чемпионатындағы көшбасшылардың бірі. Биылғы әлемдік додада біз барлық дерлік Азия елдерінің қатысушыларынан оздық. Тек бірінші орын алған Корея елін ғана алға жіберіп алдық. Келесі жылы есемізді қайтаруға тырысамыз.

Жеңіс Ермұқанов