Бұл Қашаған, Теңіз және Қарашығанақ өндірісінің өсуі есебінен жүзеге аспақ. Сонымен қатар сарапшылардың болжамы бойынша биыл АҚШ, Норвегия, Бразилия, Канада және Гайанада мұнай өндіру көлемі артуы мүмкін деп күтілуде. Нәтижелерге келетін болсақ, 2022 жылдың желтоқсан айында еліміз Қашаған мен Қарашығанақта өндіріс көлемін арттыру есебінен 7 мың баррельге, тәулігіне 1,6 млн баррельге дейін өндіруді ұлғайтты. Сондай-ақ, «қара алтын» экспорты да артты. Қара теңіздегі Каспий құбыр консорциумы терминалы арқылы 5%-ке, ал, Баку-Тбилиси-Джейхан құбыры арқылы экспорт 10%-ке дейін өсті.