Еуроодақ Қазақстаннан шығарылған активтерді қайтаруға көмектесуге дайын. Одақтың Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Тери Хакала Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіндегі кездесу барысында осылай деді. Жүздесу барысында тараптар заңсыз баю және кірістер мен шығыстарды жалпыға бірдей декларациялау үшін заңды жауапкершілікті енгізу мәселелері мен кәсіпкерлікті қорғау тақырыбын талқылады. Шетелдіктер еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының екпінін оң бағалады.