Қазақстанның автомобиль өнеркәсібі қарқын алып, өндірістік рекордтарын жаңартып келеді. Биылғы жылдың I тоқсанында ғана Қазақстанда жалпы құны 140 млрд теңгеден асатын 20 мыңға жуық автомобиль, автобус пен арнайы техника шығарылды.
Сонымен қатар мамандар атап өткендей, елімізде құрастырылған автомобильдердің экспорты да айтарлықтай өсті. Тек 2021 жылдың қаңтарынан бастап наурыз айына дейін 2 мыңға жуық «Қазақстанда жасалған» автомобиль шетелге жөнелтілді.
ЕАЭО нарығына шығу мүмкіндігі автоөндірушілерді оқшаулау үлесін арттыруға ынталандырады. Бұл – автомобиль өнеркәсібін дамытудың басым бағыттарының бірі.
«Наурыз айының соңында Қостанай қаласында оқшаулау орталығы өз жұмысын бастады, онда ауылшаруашылық техникасына, сонымен қатар автомобильдерге арналған 1200-ден астам бөлшек шығарылатын болады. Сондай-ақ сәуір айының басында Қарағанды облысында дөңгелектер шығаратын зауыттың құрылысы басталды. Зауыт республиканың автомобиль өндірісін оқшаулау деңгейін арттыруға және шиналар импортын алмастыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл ретте өнімнің 40% экспорттау жоспарлануда. Сонымен қатар Қостанайда шойын шығаратын зауыттың құрылысы жалғасуда. Онда жүк осьтеріне арналған цилиндрлер, цилиндр блоктары және қозғалтқыш цилиндрлері шығарылады. Өнімнің шамамен 6% экспортқа шығарылады», – деді қазақстандық автобизнес қауымдастығының өкілдері
Авторы: Әсел Күшенғалиева