ҚР 2023 жылға арналған ОДМ іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді

Қазақстанда 2023 жылға арналған Орнықты даму мақсаттарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары мақұлданды. Қағидаттарды енгізу азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруға және экономиканың барлық саласында үздік халықаралық стандарттарды қабылдауға бағытталған. Бұл туралы премьер-Министр Әлихан Смайылов дипломатиялық корпус, БҰҰ және Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасы өкілдерінің қатысуымен өткен үйлестіру кеңесінің 6 отырысында мәлімдеді. Премьер-министр мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдарға 2023 жылға арналған жоспарларды уақытылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды. Өз кезегінде шетелдік әріптестер әлеуметтік-экономикалық саланың негізгі бағыттарын одан әрі дамыту жөніндегі ұсыныстарын айтты. Министрлер кабинетінің басшысының айтуынша, ұсыныстар әрі қарай Үкіметтің жұмысында ескеріледі.